Алматыда көп жылдық ағаштарды көшіруге арналған арнайы техника алынады

138

Шаһар басшысы көпжылдық тарихы бар, жайқалып тұрған ағаштар шабылмайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда көп жылдық ағаштарды көшіруге арналған арнайы техника алынады Фото: inbusiness.kz

Қала тұрғыны Алмалы ауданында салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешенінің жанындағы Қызыл кітапқа енген көпжылдық ағаштарға қауіп төніп тұрғанын айтып, шағымданды.

Оның айтуынша, құрылыс компаниясы 80 жылдай жайқалып тұрған жапырақты емендерді шауып тастауы мүмкін.

Шаһар басшысы бұл ағаштар шабылмайтынын айтып жауап берді.

– Мен жасырмаймын, бұл мәселемен "Корпорация ВЕК" компаниясы айналысып жатыр. Біз былай келістік: көктем кезінде жаңа техника келуі керек, оны сатып алып қойдық. Олар көп жылдық ағаштардың орнын ауыстыруға көмектесетін болады. Ол жерде мәселе – паркинг жоқ. Мен Экология басқармасына осы жұмысты біріге атқаруға тапсырма бердім. Еуропада секілді ағаштардың орнын ауыстырамыз, олар өліп қалмайды. Наурыз айында техника келсе, сәуір-мамыр айларында бұл жұмысты істейміз. Ал компанияға біз түбегейлі шешім қабылдағанға дейін ештеңе істемеуге тапсырма берілді, – деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу