Алматыда көпбалалы ана аутизмі бар балаларға арналған түзету орталығын ашты

1102

Кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқысында бизнесін жолға қойды. 

Алматыда көпбалалы ана аутизмі бар балаларға арналған түзету орталығын ашты

Алматыда көпбалалы ана Гүлжан Бекебаева аутизмі бар балаларға арналған "Эйнштейннің балалары" түзету дамыту орталығын ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Орталықта білікті логопедтер, психологтар, ЕДШ, массаж және арт-терапия мамандары қабылдау жүргізеді. 

"Қазіргі кезде мекемеге 15 бала барады, олардың үшеуінің жағдайы айтарлықтай жақсарып келеді", – дейді орталық басшысы. 

Бастапқыда ерекше бала тәрбиелеп отырған Гүлжан Бекебаева бұл салада білікті мамандар жетіспеушілігіне тап болған. Осылайша көп балалы ана аутизмді емдеудің негізгі әдістерін өз бетінше үйрене бастайлы. Педагогикалық білімі бар маман Грузияда психология-педагогика бойынша арнайы дайындық курстарынан өтеді. Кейін бірте-бірте жаңа әдіс-тәсілдер перзентіне әсер етіп, нәтиже бере бастағанын байқайды.

"Көпбалалы отбасыларға өтеусіз гранттар беру туралы "Бизнес-Бастау" жобасы туралы естігенде, бірден қатысуға шешім қабылдадым және 505 мың теңге ұтып алдым. Бұл қаржыға велосипед тренажерын, жүгіру жолын, екі парта мен дамытушы ойыншықтарды сатып алдым. Кейін бизнес-жобаны кеңейтуді ұйғарып, "Qoldaý" кәсіпкерлікті қолдау орталығында "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы бойынша 2 млн теңге көлемінде гранттық қолдау алдым. Осы қаражатқа мен жабдықтарды, логопедтерге арналған құралдарды, батутты, татамиді, интерактивті тақтаны сатып алдым. Өз қаражатыма үй-жайды жалға алып, оңалту орталығын аштым. Бүгінде бізге Алматының шалғай аудандарынан ата-аналар мен балалар келеді", – дейді орталық директоры Гүлжан Бекебаева.

Көпбалалы ананың айтуынша, оның жаңа бизнесі қатаң карантин режимі кезінде де тоқтап қалмады. Балалардың ата-аналары одан емдеуді үйде жалғастыруды сұраған.  Сондықтан 7 адамнан тұратын барлық қызметкерлер жұмысын жалғастырды. Алайда үй-жайды жалға алу және қызметкерлерге жалақы төлеу мәселелері басталды. Кәсіпкер әйелдің қаржылық қиындықтарын шешуге ТОО "Metall Prom Group" басшысы, меценат Абдулхалил Долкунтай көмектескен. Ол орталықты дамытуға 2 млн 750 мың теңге көлемінде қаржы ұсыныпты.

"Бізде өте қымбат оңалту ойыншықтары бар, бұл балаларға арналған қарапайым ойыншықтар емес. Олар ағаштан жасалған, арнайы талаптарға сәйкес болуы керек. Ойыншықтарды бір рет сатып алуға 300 мың теңге кетеді. Қызметкерлердің жалақысы да бір мәселе. Өйткені бұл жай тәрбиешілер емес. Бұл мінез-құлықты түзету бойынша білікті мамандар. Осы қолдаудың арқасында біз көптеген балаларды оңалту және емдеумен қамти аламыз", – дейді Гүлжан Бекебаева.

Енді көп балалы кәсіпкер Алматыда түзету-оңалту бойынша балабақша ашып, жобаны кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу