Алматыда көпбалалы аналарды қолдауға бағытталған тігін цехы ашылды

1030

Мұнда арнайы дайындық сабақтарынан өткен 15 адам жұмыс істейді.  

Алматыда көпбалалы аналарды қолдауға бағытталған тігін цехы ашылды

Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанованың айтуынша, бүгінгі таңда цехта тігу және пішу сабақтарынан өткен 15 ана жұмыс істей бастады.

Мұнда көпбалалы аналар тігін ісінің техникасы мен технологиясын, сұраныстағы тауарларды шығару мен сату жолын үйретеді.

"Жобаның мақсаты – аналарды нарық талаптарына баулу. Тігін ісін негізгі мамандық етіп,  табыс таба алу. Аналар цехтағы жұмыс кестесін өздеріне ыңғайлы етіп жасап алуына болады. Осылайша олар  отбасына уақыт бөлуге мүмкіндігі бао. Мұнда олар тігін ісін одан әрі дамытып, жетілдіріп, нарықта сұранысқа ие өнім шығара алады", – деді ол.

Жоба "Іскер ана" бағдарламасы аясында іске қосылған. Болашақта қыз-келіншектер жинақтаған тәжірибелерінің арқасында өз ісін аша алады.

"Цехта "Бастау" кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында мемлекеттен 500 мың теңге көлемінде грант алған әйелдер де жұмыс істейді. Төтенше жағдайға байланысты олар өз ісін аша алмады. Сондықтан олар қазір осында жұмыс істеп, бизнес құруды үйренуде", – деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары.

Еске сала кетсек, "Іскер ана" бағдарламасы қала басшысының бастамасымен,  көпбалалы және аз қамтылған аналарға түрлі мәселелерде қолдау және көмек көрсету мақсатында ашылған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу