Алматыда көпбалалы аналарға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді

848

Астана күніне орай Алматыда көпбалалы аналарға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда көпбалалы аналарға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді

Қаладағы №5 клиникалық ауруханада 40 көпбалалы ана тісін тегін емдетті. Науқастарды білікті стоматологтар қабылдады. Қайырымдылық акциясы Астана күніне орайластырылған. 

"Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығының басшысы Толқын Саметоваға көпбалалы әйелдер тіс емдеудің қымбат екенін, бұл медициналық көмекті алу оңай емес екенін айтқан.

"Сондықтан мұқтаж жандарға көмектесуге шешім қабылдадық. Бүгін стоматологтар 40 көпбалалы ана мен мүмкіндігі шектеулі 20 баланы қабылдады", – дейді Толқын Саметова.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу