Алматыда көпірден темір жолға секірмек болған әйел құтқарылды

601

Алматылық полицейлер суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.    

Алматыда көпірден темір жолға секірмек болған әйел құтқарылды Фото: Видеодан скриншот

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, суицид жасамақ болған әйелді құтқару операциясы Жетісу ауданында орналасқан көпірде жүргізілген. Таңғы сағат 06:57-де "102" пультіне көпірден біреудің секірейін деп тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті.
Дабыл бойынша бірінші болып "Буран-183" патрульдік экипажы жолға шықты. Оның құрамында патрульдік полиция полкінің инспекторлары Нұрлан Қыдырбай мен Наурыз Дәнекеев болды.


"Дерек расталды. Әйелдің көпірден секіргісі келіп тұрғанын көрдік. Біз оның қолынан ұстап алдық. Ол шок күйінде болды. Алайда кейінірек пойыз күтіп тұрғанын түсіндірді: ол пойыздың астына секіріп, өзіне қол жұмсағысы келген. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шақырылды. Мән-жайды білу үшін әйелді соларға тапсырдық", - деді Наурыз Дәнекеев.


Жетісу аудандық полиция басқармасында жеткізілген әйел отбасындағы келіспеушілік салдарынан өзіне қол жұмсауға бел буғанын айтты. Оған психологиялық көмек көрсетілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу