Бүгін түнде Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 5 адамды эвакуациялап, 1 қарт адам мен 2 баланы құтқару қалпақтары арқылы құтқарған.
Тәжірибелі өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді, жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ түнде Ақтөбе облысы гарнизонның диспетчеріне Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында жеке меншік үйдің бірінің ауласында орналасқан гараждан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Шақырту орнына дереу бағытталған өрт сөндірушілер құрамында болған №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Данат Шамаков пен өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Самрат Мейрамбек өртке оранған құрылыстан 2 газ баллоны мен жанармайы бар канистрды алып шығып, жарылыстың алдын алды.