Алматыда көпқабатты үйде өрт шықты: 16 бала ауруханаға түсті

1049

Қайтыс болғандар жоқ.

Алматыда көпқабатты үйде өрт шықты: 16 бала ауруханаға түсті

Алматыдағы "Ақкент" шағынауданындағы көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, оның 16-сы – балалар.

"Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы "Ақкент" шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы - бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады",- деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

16 қабатты үйде өрт шықты.

Бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы "Ақкент" ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу