3 қаңтар сағат 10:13 кезінде Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабарланған.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жетіп, 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы екi бөлмелі пәтердің ас бөлмесін және тағы бір бөлмені 30 шаршы метр аумақта от шарпығанын анықтаған.
Мамандар сағат 10:59-да өртті сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 43 маман мен 11 бірлік техника жұмылдырылды. Қазір өрт себебі анықталып жатыр.
Өрт шыққан көпқабатты үйден 75 тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Арнайы жасақтан келген Daewoo автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту шараларын қолға алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу