Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйел құтқарылды

919

Алдын ала мәліметтер бойынша өзіне қол салуға оқталған адам  мас болған.  

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйел құтқарылды

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таңғы сағат 6:40-та Бостандық ауданында орналасқан "Керемет" тұрғын үй кешенінің аумағында өзіне қол салмақ болған әйелді құтқару операциясы жүргізілді.

 "Тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерінің бірінен шу шыққаны туралы ақпарат түсті. Біз аталған мекенжайға әріптесіміз Жалғас Бектұровпен "Буран-153" экипажының құрамында келдік. Пәтер сырттан жабық болды. Бірақ іштен дауыс естілді", - дейді Алматы қалалық Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің инспекторы Медет Мұсабаев.

Патрульдік полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінді. "Таңертеңгі сағат 7:00-де біз ұйықтап жатқанбыз. Бір әйелдің айғалаған дауысын естідік, ол терезеден секірмек болды. Полиция біздің терезе арқылы өзіне қол салмақ болған әйелді құтқарып қалды",- дейді "Керемет" тұрғын үй кешенінің тұрғыны.

Полиция инспекторының сөзінше, оқиға орнына пәтер иесі шақырылды. Оның қосымша кілті болған.

"Бірақ ол кісі келгенге дейін бойжеткен төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, өзіне қол жұмсамақ болды. Ол сыртағы кондиционердің үстінде тұрды. Суицидтің алдын алу үшін біз бесінші қабаттан арқанмен төмен түсуге мәжбүр болдық. Осылайша суицидке жасауына жол беріомеді", - деп қорытындылады Медет Мұсабаев.

Алдын ала мәліметтер бойынша, суицид жасауға оқталған әйел мас болған. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу