Алматыда көпқабатты үйдің балкондары отқа оранды, 300 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, шұғыл хабарлама ТЖД кезекшісіне сағат 16:03-те түскен.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, Көкжиек шағын ауданындағы № 32 үйдің 3 балконы отқа оранған. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.
Қалалық ТЖД өкілі толық ақпаратты кейінірек хабарлайтындығын жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу