Алматыда көпқабатты үйлерді бюджет есебінен қалай жөндеуге болады?

581

Алматы тұрғындары көпқабатты үйдің төбесін, қасбетін немесе лифтін жөндей алады. 

Алматыда көпқабатты үйлерді бюджет есебінен қалай жөндеуге болады? Фото: Алматы қаласының әкімдігі

ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үйдегі пәтер иелерінен өтінім беру қажет, деп хабарлайды  inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Соның арқасында тұрғындар күрделі жөндеу жүргізіп, шатырды, инженерлік және электр желілерін ауыстыруды, кіреберісті және т.б. жұмыстарды атқара алады.

Қаржы бюджеттен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде қайтарымды негізде пайызсыз беріледі. 

2011-2022 жылдары бағдарлама аясында 965 көпқабатты үй жөнделді. Биылғы кезекте - 100 көппәтерлі үй тұр. 

Бағдарламаға қатысу үшін жиналыста тұрғын үйді жөндеу туралы шешім қабылдайды. Одан кейін хаттама мен өтінімді бағдарлама операторы "Алматы Тұрғын үй" ЖШС жолдау керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу