Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан тағы алты науқас емделіп шықты.
«77 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Екі ересек адамның халі өте ауыр, 1 науқас ауыр жағдайда, 11 ересек науқастың жағдайы орташа ауыр», - деп хабарламада.
Олардың 5-еуі ‒ әйел адам, біреуі ‒ ер адам. Провизорлық орталықтарда бүгінде 655 адам бар. Олардың 83-і бала, екі күндік карантинде 523 азамат, ал үй карантинінде 4411 адам жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу