Алматыда коронавирус жұқтырған 331 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

896

Ауруханаларда 110 бала ем қабылдауда. 

Алматыда коронавирус жұқтырған 331 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы күнделікті тарататын статистикада жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz

8 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 976 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде індет белгілері бао, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 933, симптомсыз – 43 науқас тіркелді. 
Барлық емделіп шыққандар – 454, келіп түскені – 378. 

Инфекциялық стационарларда 3 669 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –7740), оның ішінде 110 бала емделуде. 

"Реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 331 адам жатыр. Ал 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 135 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 159 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 7446 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 7215 науқас. 231 адамда коронавирус белгілері жоқ. Алматыда коронавирус жұқтырған 58 науқас тыныс алу аппаратына қосылған", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу