Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 274-ке жетті

706

Алматыда 17 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 461 жағдайы тіркелген.

Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 274-ке жетті Фото: Максим Морозов

Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 274-ке жетті. Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлім етті.

"Алматыда 17 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 461 жағдайы тіркелген. Жаңадан вирус жұқтырғандардың саны 63-ке жетті. Оның ішінде 2004 жылы туылған жасөспірім мен орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері бар. Бүгінгі күні мегаполистің жұқпалы аурулар стационарларында 392 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Бір адамның жағдайы – өте ауыр, төртеуінікі – ауыр, 92-сінің жағдайы – орташа ауыр. 295 адамның жағдайы қанағаттанарлық", – деді Әбілдаев.

Оның айтуынша, Covid-19 диагнозы бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны 274-ке жеткен. Оның ішінде орталық қалалық клиникалық аурухананың – 193, балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының – 31, №7 қалалық клиникалық ауруханасының – 2, жедел жәрдем қызметінің – 3, №12 қалалық емхананың – 3, №11  қалалық емхананың – 1, №31 қалалық аурухананың 1 қызметкері бар. Провизорлық госпитальдарға 356 адам орналастырылған. Оның 18-і –бала. Карантиндік оқшаулануда 422 адам бар. Оның 7-еуі – бала. Үй жағдайындағы карантинге 7992 азамат жатқызылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу