Алматыда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

1182

Нәресте дүниеге келгеннен кейін бірден талдау алынған. 

Алматыда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел дені сау бала дүниеге әкелді, деп мәлімдеді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. 

"Жүкті әйел 13 сәуірде жүктіліктің 39-шы аптасында вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Коронавирусқа қарсы талдаулар алынып, сараптама оң нәтиже берген болатын. 15 сәуірде дәрігерлер талдау көрсеткіштері бойынша оған кесар тілігін жасап, босандырды. Нәтижесінде салмағы 3,5 келіден асатын бала дүниеге келді. Бұл науқастың екінші баласы. Жаңа туған нәрестеден де бірден адынған талдаулар теріс нәтиже көрсетті. Жаңа туған нәрестенің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр",– деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Қазір анасының жағдайы қанағаттанарлық, ол жақын арада емін жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. Науқас Covid-19-дан сауығып, толық жазылған кезде ұлымен қауышады. 

Бұл ретте №1 Қалалық клиникалық аурухана провизорлық орталық болып табылатынын атап өткен жөн. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу