Алматыда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді

440

Жыл басынан бері 217 жағдай тіркелді. 

Алматыда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді Фото: inbusiness.kz

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, жыл басынан бері қалада коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның 14 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында. 

"Соңғы 7 күнде ауруды жұқтырғандар саны 1,5%-ға өсті. Алдыңғы 7 күнде 29 жағдайға қарсы 42 инфекция жағдайы тіркелді", - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Эпидемиолог коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз әдісі - вакцинация екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу