Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 7 есе төмендеді

465

Инфекция жұқтырғандардың 68%-ы сауығып, ауруханадан шығарылды.

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 7 есе төмендеді

Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров мәлім етті.

"Пандемия басынан бері Алматыда 13742 жағдай тіркелді.Соңғы 15 күнде індетке шалдыққандар көрсеткіші 7 есе төмендеді. Шілденің соңында 271 жағдай тіркелсе, қазіргі кезде күніне 40 жағдай анықталады. Ал COVID-19-дан 195 адам қайтыс болды. 9306 адам сауықты. Бұл инфекция жұқтырғандардың 68%-ы", – деді басқарма басшысы. 

Алматы ауруханаларында 5781 орын бар. Стационарлардың жүктемесі 19%-дан аспайды. 

"Біз ауруханалардағы орын санын арттыруымыз керек. Жаңа модульдік госпитальдің құрылысы үздіксіз жүріп жатыр. Ол 300 орынға есептелген. Оның ішінде жансақтау бөлімі 30 орыннан тұрады. Сонымен қатар 1 қазаннан бастап RAMS компаниясының екі қонақ үйінің негізінде 215 орынға есептелген стационар ашылады. Ол барлық қажетті құралдармен жабдықталады", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу