Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 25-ке жетті

679

Инфекция жұқтырғандармен байланыста болған тағы екі науқастың диагнозы расталды.   

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 25-ке жетті

Мегаполисте коронавирустық инфекция жұқтырған тағы екі науқас тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. 

"Қалада тағы екі адамның коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Олар бұрын науқастармен байланыста болған. Сондықтан оқшауланған болатын. Қазіргі кезде 22 адам қалалық жұқпалы аурулар емханасында ем қабылдауда. 2 бала және 1 ана балалар ауруханасына жатқызылды. Жалпы екі науқастың, оның ішінде бір баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында. Қалған пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық. Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдарында карантинде 660 азамат, ал үй карантинінде 1472 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты деңгейде, катаральды құбылыстар жоқ", – деді Тілеухан Әбілдаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу