Алматыда коронавирусқа тексерілетін адамдардың қатары кеңейді

602

Енді бұл санатқат өкпе ауруының белгілері бар 60 жастан асқан адамдар да кіреді.

Алматыда коронавирусқа тексерілетін адамдардың қатары кеңейді

Алматыда коронавирустық инфекцияға тексерілетін адамдардың қатары кеңейді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

"Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті індет анықталды. Кешегі күн бойынша пневмониямен ауыратын 13 баланың бесеуінде індет анықталмады. Қалғандары зерттелуде", — деді Айзат Молдағасымова. 

Бүгінде қауіпті індетке тексерілетіндердің қатары кеңейеді. Әсіресе, бұл санатқа бронх-өкпе ауруының белгілері бар, есепте тұрған 60 жастан асқан адамдар кіреді. Бұдан өзге алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген медқызметкерлер де тексеруден өтеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу