Алматыда коронавируспен күреске арналған фотокөрме ашылды

808

"COVID-19-бен бірге күресеміз". 

Алматыда коронавируспен күреске арналған фотокөрме ашылды

Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастастырған көрменің аты осындай. Фотокөрме кәсіби мамандар емес, қарапайым тұрғындар түсірген суреттерге арналған. Елден жиналған суреттерді арнайы комиссия іріктеп, 10 фото мен графикалық суретті таңдап алған. 

"Фототілші ретінде мен коронавируспен байланысты жағдайды алғашқы күндерден  бастап түсіре бастадым. Қызық болды, кейде, тіпті, қорқынышты болды. Бос қала,  блокбекеттер, асығып бара жатқан жедел жәрдем көліктерінің сиренасы және т.б. 

Алайда жұмыс оқиға орнында болуымды қажет етті, онсыз халықтың негізгі бөлігіне  олардың өз қалаларында не болып жатқанын көрсету мүмкін болмас еді. Ондай журналистер көп, бәрі кез келген сәтте репортажға баруға дайын болды және осы фотокөрме дер кезінде қолға алынған", – деді фотокөрмеге қатысушы жұмыстардың авторы Олег Спивак.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу