Алматыда коронавирустан бір айлық нәресте шетінеді

895

Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алматыда коронавирустан бір айлық нәресте шетінеді

"Өкінішке қарай, бізде бір айлық баланың көз жұмғаны туралы ақпарат расталды. Ол сәбиге коронавирус инфекциясы жұғып, нәресте көз жұмды", - деді Нариман Табынбаев бүгінгі баспасөз мәслихатта.

Сонымен қатар ол коронавирус жұқтырған балалардың саны артып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

"Өкініштісі, Қазақстанда, оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған балалардың саны көбейіп барады. Бүгін де біздің қалада індет жұқтырған 195 бала стационарда жатыр. Ал үйлерінде емделіп жатқан балалардың саны – 2,5 мың. Осыдан екі-үш ай бұрын, яғни көктемде британдық штамм тараған тұста стационарларда ары кетсе 30-40 бала жататын. Ал қазір біздің балалардың індетке шалдығу деңгейінің шарықтау шегіне (стационарда қазір 245 бала жатыр) жеттік", - дейді ол.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу