Алматыда коронавирустан жазылған екі жасар бала ауруханадан шығарылды

1332

Шаһарда коронавирустан айыққандар саны 10 адамға жетті. 

Алматыда коронавирустан жазылған екі жасар бала ауруханадан шығарылды

Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан бір бала мен екі ересек адам сауығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

"Алматыдағы инфекциялық стационарлардан COVID-19 расталған екі пациент және бір бала сауығып, ауруханадан шығарылды. Бұл –  Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан бір бала мен екі ересек адам. Әзірге олар 14 күндік үй карантинінде болады", – деді Тілеухан Әбілдаев.

Осы уақытқа дейін Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан 10 науқас емханадан шығарылды. Қазіргі кезде шаһарда жалпы саны 84 коронавирустық инфекция жұқтырған адам тіркелді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу