Алматыда коронавирусты емдейтін 23 стационар жұмыс істеп тұр

309

Мегаполисте соңғы үш айда инфекциялық төсек-орындар саны екі есе көбейді.

Алматыда коронавирусты емдейтін 23 стационар жұмыс істеп тұр

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада пандемияның жаңа толқынына дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала шаралар қабылданды.

Мәселен, қала бойынша 7011 төсек-орын қуаттылығымен (оның ішінде 250-і жан сақтау бөліміндегі орындар) 23 ковидті стационар дайындалды. 2 жаңа клиниканың құрылысы аяқталды. Бірі 500 төсек-орынға арналған инфекциялық госпиталь, келесісі 300 төсек-орынға арналған жаңа модульді стационар. Осылайша, соңғы үш айда инфекциялық төсек-орындар саны  екі есе көбейді.

"Қалада 73 емханада 298 мобильді бригада қызмет етеді. Телемедицина орталығы құрылды. Фармпрепараттар және медициналық өнімдер бойынша 10 млрд теңгеге тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорының шеңберінде 2021 жылдың ақпанына дейінгі есеппен 68 атау бойынша дәрілердің қажетті қоры құрылды. 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін кемінде 40 млн дәрі-дәрімек пен медициналық өнімдерді жеткізу жоспарлануда. Қажет болған жағдайда фармацевтикалық препараттарды нарыққа жеткізу үшін пайдаланылатын 8 млн дәрінің төмендетілмейтін ең аз қоры сақталуда. Сонымен бірге, қалада дәріханаларға күн сайын дәрілік препараттар мен жеке қорғаныс құрлдарының бар-жоғына мониторинг жүргізіледі", - деп хабарлады әкімдік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу