Алматыда коронавирустың дельта штаммын жұқтырғандардың үлесі 90%-ға жетті

935

Болжам бойынша індеттің төртінші толқынының ең шиеленісті кезеңі тамыздың лртасына келмек.  

Алматыда коронавирустың дельта штаммын жұқтырғандардың үлесі 90%-ға жетті

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

 "Қаладағы эпидемиологиялық жағдай өте шиеленісті. 28 шілдеден бастап тәулігіне 1500 -ден астам инфекция жұқтырған адам анықталды. Науқастардың 90%-ы дельта штаммымен ауырады, аз бөлігінен британдық және ухандық штамдар анықталды. Қалада коронавирустың төртінші толқыны басталды. Толқынның шыңы осы айдың ортасында болады деп күтілуде. Ауру дельта штаммының өте жұқпалы болуына байланысты байланысты өсуде", – деді Жандарбек Бекшин.

 Еске салайық, биылғы жылдың 12 шілдесіне дейін Алматыдағы дельта штаммының үлесі 80%-ды құраған еді. Ал науқастардың орташа тәуліктік саны 1200 болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш күніне 1600 жағдайға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу