Алматыда коронавирустың төртінші толқыны бәсеңдеуде

725

Соған сәйкес шаһарда карантин шаралары жеңілдетіледі. 

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны бәсеңдеуде

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шараларды жеңілдету туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Осылайша 4 қыркүйектен бастап Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтана бастауына байланысты көптеген кәсіпкерлік нысандардың жұмыс істеу кестесіне өзгерістер енгізілмек. 

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері вакцинациядан өткен немесе бір аптадан аз уақытта ПТР-тест тапсырған келушілерге кәсіпкерлік нысандарға кіру рұқсат етілген. Дүйсенбіден бастап жұмыс күндері кәсіпкерлік нысандар түн ортасына дейін жұмыс істей алады.

"25 тамыздан бастап эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы "дельта" Сovid-19 нұсқасынан туындаған эпидемияның төртінші толқынының бәсеңдеуі байқалады. 2 қыркүйекте дерттің 1 859-дан 1 264 жағдайға дейін төмендеуі тіркелді. Бұл төмендеу Алматы қаласы халқының 45% иммундық қабатының қалыптасуымен байланысты. Қазіргі уақытта күн сайын коронавирусқа қарсы 3 мыңға жуық адам екпе алуда", –  деді Жандарбек Бекшин. 

Бүгінде қаланың жалпы тұрғындарының санынан бірінші компонентімен вакциналану 44%-ы құрады (878 336 адам), екінші компонент - 37,9% (756 156 адам). Жандарбек Бекшиннің айтуынша, иммундық қабаттың 70%-на дейін және одан да жоғары болуына қолжеткізу жоспарланған. 

Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысы эпидемиологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырғандар арасында 20-39 жас аралығындағылар үлесі 35%, 40-59 жастағылар - 24% және 60 жастан асқандар үлесі 23%.

"Өткен аптада коронавирусты жұқтырудың негізгі орындары - сауда нүктелері - 33%, отбасылық байланыс - 18%, қоғамдық көліктер - 17%, базарлар - 13%", - деді Жандарбек Бекшин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу