Алматыда көшеде намаз оқу үшін жолды жапқан 30 адамға айыппұл салынды

182

Полиция дер кезінде тексеру жүргізген. 

Алматыда көшеде намаз оқу үшін жолды жапқан 30 адамға айыппұл салынды Фото: polisia.kz

Алматыда көшеде намаз оқып, жолда кептеліс тудырғандар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқық бұзған 30 адам Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 614-бабы "Көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау" бойынша жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, Алматы қалалық Полиция департаменті кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу екенін және Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

"Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы полициясы профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Мұндай деректерге жол берілмейді, олар тоқтатылады", – дейді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу