Алматыда көшелер жаңбыр суынан тазартылды

500

Алматының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарына 34 мм жауын-шашын түсті, ал тамызда орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 34 мм болатын.

Алматыда көшелер жаңбыр суынан тазартылды Фото: Алматы әкімдігі

Нөсер жаңбырдың салдарын жоюға 1 008 жол жұмысшысы мен 640 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар мердігерлер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың 52 мобильді бригадасы жаңбыр суын қабылдайтын жерлерін қоқыстан тазартып және де нөсерлі кәріз және дренаждық суларды қабылдайтын сорғы станцияларының жұмысын қамтамасыз етуде. Жаңбыр кезінде 8 ағаш құлап, құлаған жерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта негізгі су басу учаскелері жойылып, арық жүйелерінен қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Онда түнгі кезекшілік қойылды. "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, алдағы үш күнде арасында үзілісі бар жауын-шашын мол болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу