Алматыға Гвинея-Бисау елінің президентінің келуіне байланысты бірқатар көше ішінара жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Алматы қалалық Полиция департаменті, Гвинея-Бисау республикасының президенті Умара Эмбалон 19-20 желтоқсан күні Қазақстанға ресми сапары кезеңінде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны туралы хабарлайды, – делінген хабарламада.
Ведомстводан мәлім еткендей, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді.
– Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз, – деп атап өтті полициядан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу