Алматыда көшелерді ұзартып, жол айрықтарын салуға қомақты қаржы жұмсалады

731

Жолдарды орташа жөндеуге 18,5 млрд теңге, ағымдағы жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінеді. 

Алматыда көшелерді ұзартып, жол айрықтарын салуға қомақты қаржы жұмсалады

Биыл Алматыда көшелерді ұзартуға және жол айрықтарын салуға 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы қалалық Мобильдік басқармасы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, биыл мегаполисте үш жол айрығының құрылысы жалғасады. Оның ішінде Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесіндегі жұмыстарға 2,5 млрд теңге бөлінеді.

Бұқтырма көшесіндегі Құлжын трактімен қиылысындағы жол айрығы 5,9 млрд теңгені құрайды. Сайын мен Мөңке би көшелерінің құрылысындағы көпірге биыл 1,06 млр теңге бағытталады.

Сондай-ақ биыл Сайын көшесін ұзартуға 3,06 млрд теңге, Әуезов көшесін ұзартуға 700 млн теңге қарастырылған.

Төле би көшесін де ұзарту басталады. Биылғы жылы оған 1,006 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен бірге жолдарды орташа жөндеуге 18,5 млрд теңге, ағымдағы жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінеді.

Ал Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Самұратовтың айтуынша, биыл Алматының бірнеше көшесін БАКАД шекарасына дейін ұзартуға 8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде Саин көшесіне – 2,7 млрд теңге, Рысқұлов – 2 млрд теңге, Абай – 2 млрд теңге, Солтүстік айналма жолына – 1,3 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу