Алматыда қала тұрғындарына көшет тарату акциясы басталды. Көпқабатты үйлердің және өзге де аумақты көгалдандырғысы келетіндер шаған, үйеңкі, қараған және қайың ағаштарын тегін ала алады.
Қала тұрғындары отырғызған ағаштарын үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоюы керек.
“Көшет алу үшін аты-жөні, телефон нөмірі және ағаш отырғызылатын жердің нақты мекенжайын, көшет егілетін жердің суретін мүмкіндігінше панорамалық фотоға түсіріп, көшеттің саны мен түрін көрсетіп zhasyl.aula22@gmail.com электронды поштасына жіберу керек”, – деп хабарлады қалалық әкімдік.
Өтініштер 17-25 қазан аралығында қабылданады.
Көшеттер "Ұлжан-2" ықшам ауданындағы Бертайқызы 24 мекен-жайында беріледі.