Алматыда полиция заңсыз көші-қон деректерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласының Бостандық ауданында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.
16 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, 27 адам жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына жеткізілді, ал 23 қабылдаушы тұлға жауапкершілікке тартылды.
Іс-шара барысында көші-қон полициясының қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ күйде СПА-салондардың бірінде және құрылыс нысанында болған азаматтарды анықтады. Аталған тұлғалардың барлығы жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
– Біз азаматтардың ел аумағында болу заңдылығын, тіркеу талаптарының сақталуын және қабылдаушы тараптардың жауапкершілігін тексеру арқылы қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейміз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.