Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 617 азамат жауапкершілікке тартылды

1138

191 шетелдіктің құқықтық мәртебесі реттелді.  

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 617 азамат жауапкершілікке тартылды  Фото: Максим Морозов

Алматы қаласының көші-қон қызметі шаһарда 15-19 ақпан аралығында өткізілген "Келімсек" іс-шарасының нәтижелерін жариялады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жедел-алдын алу іс-шарасының төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 617 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 309-ы шетелдік азаматтар. Сот шешімімен 101 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан, ал азаматтық іс жүргізу арқылы басқа елдердің 10 азаматы елден шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 279 қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 29 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Сондай-ақ, көрсетілген мерзімде іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды. 191 шетелдіктің Қазақстан Республикасындағы құқықты мәртебесі реттелді", – деді ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. 

Сонымен қатар, ол Өзбекстан Республикасының консулдығымен бірге осы елдің 25 азаматы өз Отанына қайтарылғанын атап өтті. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу