Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер елден шығарылды

565

Көші-қон заңнамасын бұзған 18 Өзбекстан азаматы мен бір Тәжікстан азаматын анықтады. 

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер елден шығарылды Фото: Егемен Қазақстан

 – Біз 19 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырдық. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылды. Олар “Жібек жолы” БӨП мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді. Еске салайық, Алматы полициясымен заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту деректерін анықтау мақсатында “Келімсек” және “Құқық тәртібі” іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1738-і шет мемлекеттердің азаматы.

Әкімшілік жолмен 248 шетелдік елден шығарылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 365 шетел азаматы орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу