Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған такси жүргізушісі ұсталды

405

Тәжікстан азаматы такси жүргізушісі болып жұмыс істеген, бірақ бұл дерек уақытша еңбек шартында көрсетілмеген  

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған такси жүргізушісі ұсталды Фото: google.com

Көші-қон қызметінің назарына Алматы-1 теміржол вокзалында Тәжікстан азаматы ілікті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Тәжікстаннан келген 25 жастағы Ш. есімді азамат Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған. Ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеген, бірақ бұл дерек уақытша еңбек шартында көрсетілмеген. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) хаттама толтырылды. Шетелдікті елден шығару мәселесін шешу үшін материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша жауапкершілікке тартылды. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамға көлікті айдауға бергені үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. 

Полиция 19-25 маусым аралығында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында қала аумағында “Заңсыз келуші” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілгенін еске салды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу