28 тамыз күні 15:42-те өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алмалы ауданы, Райымбек көшесі, 212д/2 мекен-жайында өрт туралы хабарлама алды, деп жазды inbusiness.kz.
“Сағат 15:49-да келген сәтте бір қабатты сауда бутиктері жанып тұғанын анықтады, өрттің жапсарлас орналасқан 2 қабатты “Сабыржан" дүкенінің ғимаратына таралу қауіпі туындады. Оқиға орнында өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды, өрт оқпандары іске қосылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралармен өрт 25 минутта, сағат 16:16-да ауыздықталды, 16:31-да толығымен сөндірілді”, – деп хабарлады қалалық ТЖД.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы мереке күндері күшейтілген қызметке ауыстырылды.
Құралай Құдайберген