Алматыда көз жұмған заңгердің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды

Ер азамат бұл істе негізгі күдікті.

Алматыда көз жұмған заңгердің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды

Бұл туралы Алматы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің бұрынғы күйеуі, 1974 жылы туған Н. есімді азаматты іздестіріп жатқанын растайды", – деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетсек, 8 қазан күні сағат 23:00 шамасында Алмалы ауданында белгісіз ер адам алматылық заңгерге бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші 12 қазанға қараған түні ауруханада қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу