Алматыда көздің жұқа қабығы жаңа технологиямен ауыстырылуда

2001

Бұрын отандық дәрігерлер зақымдалған көз қабығын ауыстыру үшін оның барлық қабатын толықтай алып тастап, басқа қабық салатын.

Алматыда көздің жұқа қабығы жаңа технологиямен ауыстырылуда

Алматыдағы Көз аурулары ғылыми зерттеу институтында көздің жұқа қабығын ауыстыру операциясы жаңа технологиямен жасалуда, деп хабарлайды 24.kz.

Бұрын отандық дәрігерлер зақымдалған көз қабығын ауыстыру үшін оның барлық қабатын толықтай алып тастап, басқа қабық салатын. Енді мөлдір қабықшаны ішкі жағынан ауыстыру тәжірибеге енгізілуде. Бұл әдіс көз жанарын толық ашумен тігіс жасауды қажет етпейді. Сәйкесінше, операциядан кейін емделуші тез оңалып, көру қабілеті жақсарады. Жаңа әдіс Көз аурулары ғылыми зерттеу институты мен Америкалық көз қабығы банкімен жасалған келісімдерінің арқасында енгізіліп отыр.

Республика бойынша көз қабығын ауыстыруға мұқтаж 200-ге жуық емделуші бар. Елімізде донорлық жолға қойылмағандықтан, жанары зақымдалған жандар көз қабығын ауыстыру операциясын ұзақ күтуіне тура келетін. Жаңа технология бойынша жыл соңына дейін 7 науқасқа Мұхит асып келген консервіленген көз қабықтары ауыстырылып салынады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу