Шараға Ұлыбритания, Италия, Қырғызстан, Нидерланды, Өзбекстан, Франция және т.б. елдердің білім беру және креативті хабтары, креативті сегмент ұйымдары қатысады, деп жазады inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
"Креативті индустриялар апталығы аясында Алматыда көрмелер, перфоманстар, театр қойылымдары, қолөнершілер форумы және авторлық туындылардың көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Тимур Бекмамбетовтың "Профиль" фильмінің премьерасы және Dota 2 пәні бойынша ACW Esports Cup киберспорт турнирінің финалы өтеді", -делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу