Алматыда креативті индустрия паркі ашылады

971

"Аlmaty investment forum 2019" форумы өтуде.

Алматыда креативті индустрия паркі ашылады

Алматыда креативті индустрия паркі ашылады. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев "Аlmaty investment forum 2019" шарасында хабарлады. 

Әкімнің сөзінше, Алматы Орта Азиядағы ең шығармашыл қала. Еліміздегі креативті салалардың 45%-ы да оңтүстік астанада шоғырланған. 

"Біз Креативті индустрия паркінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Аталған инновациялық кешен материалтану, энергияны сақтау, тасымалдау, микроэлектроника, биотехнология, медицина, жер туралы ғылым және өзге де салаларға ден қояды. Бұл жобаны жүзеге асыру Алматының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, high-tech нарығына жол ашады",–деді Бақытжан Сағынтаев. 

Сонымен қатар, шаһар басшысы "Аlmaty investment forum 2019" аясында тиімділігі жоғары сегіз кративті саланы атап өтті. Оның ішінде музыка, театр, кино, сән салалары бар. 

"Осы бағыттарды дамытуға толық мүмкіншілігіміз жетеді. Себебі Алматы – IT саласы орныққан, креативті инфрақұрылымы қалыптасқан жастар қаласы. Біздің мегаполисте еліміздегі ең үздік шығармашылық кадрлар шоғырланған",– деді шаһар басшысы. 

Бұдан бөлек ол "бірінші сыныпта оқитын оқушылардың 65%-ы бізге белгісіз мамандықтарды игереді" деген Дүниежүзілік экономикалық форум болжамымен бөлісті. Соныдақтан Бақытжан Сағынтаев жаңа мамандықтардың басым бөлігі шығармашылықпен байланысты болатынына сенімді. 

"Креативті индустрия – бұл ірі қалаларда экономиканы дамытудың негізгі көзі. Стив Джобстың сөзін еске алайықшы. Ол қазіргі заманда ең қымбат тауар – идея болатынын айтқан. Оның ойы дәлелденді. Әлемдегі ең ірі корпорациялар білім капиталына көңіл аудара бастады. Мәселен, дүниежүзіне танымал Google, Apple, Facebook, Amazon сынды компанияларда материалдық емес активтердің бағасы 40 жылдың ішінде 17%-дан 84%-ға дейін өсті", – деді әкім. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу