Алматыда криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқан кәсіпкер сотталды

385

"Binanсe" крипто-әмиянына түскен қаражат көлемі – 693 мың доллар 

Алматыда криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқан кәсіпкер сотталды Фото: Binance

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері цифрлық активтердің айналымы саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының тұрғыны 2019-2022 жылдар аралығында криптовалюта айырбастаумен айналысып, сол арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңсыз айналымға түсіріп, ірі көлемде пайда тапқан.

Тергеу барысында интернет-ресурс тіркеусіз және қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясыз түрлі криптовалюталарды сатып алу-сату қызметтерін көрсеткені анықталды.

"Binanсe" крипто-әмиянына түскен қаражат көлемі – 693 мың доллар немесе шамамен 310 миллион теңге, ал 2020-2021 жылдардағы жеке кәсіптің жалпы жылдық кірісі 94 млн теңгеге жуықтаған.

Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу