Алматыда "ҚТЖ – Жүк тасымалы" филиалында бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

2217

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыда "ҚТЖ – Жүк тасымалы" филиалында бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды Фото: azattyq-ruhy.kz

Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС Алматы бөлімшесінде аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлаудың қылмыстық жолдарының белгілерін ашты.

“Тергеу мәліметтері бойынша жалақыны есептеу үшін "SAP HRP" бағдарламасы мен кәсіпорынның Интернет-банкингі арасындағы интеграцияның болмауына байланысты алаяқтық мүмкін болды. Яғни бухгалтерлік есеп қызметкерлерге жалақы бойынша қажетті сандарды қоюға мүмкіндік алды. 4 жыл ішінде артық төлемдер өздерінің сенімді адамдарының карточкаларына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беріліп отырды”, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, айыпталушы сотқа тартылды.

“Бұған дейін кәсіпорында осындай қылмыс жасау арқылы 80 млн теңгеден астам ақша ұрлаған үшін 2023 жылдың қаңтарында жетекші бухгалтер Ж. Құндақбаева сотталды. Жыл сайынғы аудиторлық тексерулер бұл кемшіліктердің барлығын анықтаған жоқ. Оларға құқықтық баға беру үшін сотқа дейінгі тиісті тергеу басталды.
Сондай-ақ, "SAP HRP" бухгалтерлік бағдарламасы "ҚТЖ" ҰК" АҚ көптеген кәсіпорындарында жұмыс істейтіні белгілі болды”, - деді Бас көлік прокуратурасы.

Құзырлы орган мұндай ұрлыққа тосқауыл қою үшін ұлттық оператордың атына қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау, бухгалтерия қызметкерлерінің негізгі іс-әрекеттерін цифрландыру және осы саладағы жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны үшін кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу