Алматыда күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті

836

Шаһарда жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. 

Алматыда күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті

Алматыдағы тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап. 

"Биылғы жылдың 15 ақпанында 1987 жылы туған сотталушы Д.Т. Давутов ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу изоляторы) қашып кетті. Аталған факті бойынша Алматы қаласы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы, яғни, бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе абақтыдан қашу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. ҚАЖ комитеті басшылығының қатысуымен қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабыданады", - деп жазылған хабарламада.  

Сонымен қатар ведомствода күдіктінің бұған дейін бірнеше рет істі болғанын, осы жолы ұрлық және алаяқтық үшін ұсталғанын атап өтті.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу