Алматыда құқық қорғау органдарының 70-тен астам қызметкері қан тапсырды

794

Алматыда құқық қорғау органдарының 70-тен астам қызметкері қан тапсырды

Балаларды қорғау күні қарсаңында Алматыдағы қан орталығында құқық қорғау органдарының қызметкеркелері қан тапсырды, деп хабарлайды 24kz.

Қаладағы донорлар базасында жарты миллион адам тіркелген. Оның саны үнемі өсіп келеді. Шаһардағы ауруханаларға күн сайын 20-50 литрге дейін қан керек.

Айта кетейік, соңғы жылдары балалардың жарақат алуы да айтарлықтай азайған. Мұны ішкі істер департаментінің қызметкерлері қала инфрақұрылымының жақсара түсуімен байланыстырады. Жыл басынан бері жеткіншектердің қатысуымен 245 жол оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу