Алматыда Құлжа тас жолындағы бұрылыстардың бірінде көлік қозғалысы шектеледі

328

Жолдың бұл бөлігін айналып өту жолдары қарастырылған. 

Алматыда Құлжа тас жолындағы бұрылыстардың бірінде көлік қозғалысы шектеледі Фото: Алматы қаласы әкімдігі

"Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы қиылысындағы жолайрық құрылысы" жобасы аясында инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 25 қазан сағат 23:00-ден 7 қараша сағат 18:00-ге дейін Құлжа тас жолындағы №8 бұрылыста көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Жабық жол бөлігін Алатау трассасы бойынша Гүлдала ауылына шығып, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолы қиылысындағы жолайрықтан бұрылып Гүлдала ауылына қарай шығатын эстакада арқылы айналып өтуге болады.

"Бүгінде осы жоба аясында Құлжа трактісі бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бухтарминская көшесіндегі тоннель бөлікті, съездер мен түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды, ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады. Сондай-ақ, су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы жол айрығының құрылысын 2023 жылдың қараша айында толық аяқтау жоспарланған", – деп хабарлады қала әкімдігі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу