Алматыда күн сайын 300 бала әртүрлі жарақат алады

270

Жаз маусымы басталғалы жарақат алатын балалар саны артып келеді.  

Алматыда күн сайын 300 бала әртүрлі жарақат алады Фото: ratel.kz

Жыл сайын травматологиялық пункт 32 мыңнан астам науқасты қарайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жалпы 53 мыңнан астам бала медициналық көмекке жүгінеді. Шамамен 3 мың бала жыл сайын стационарда ем алады.

Ал, күн сайын Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травмпунктіне түрлі жарақатпен 300-ге жуық бала жеткізіледі. Мамандардың сөзінше, ең жиі кездесетін жағдайлар – велосипед, самокат, ролик теуіп немесе ойын алаңдарында ойнап жүріп жарақат алу.

Мамандарды әсіресе электросамокатпен болған жағдайлар алаңдатып отыр. Дәрігерлер мұндай оқиғалардың салдарын көлік апатынан кейінгі зардаптармен теңестіреді.

Дәрігерлер ата-аналарға жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсету ережелерін еске салды. Бала құлаған жағдайда оның жағдайын бағалап, қан кетсе тоқтатуға тырысып, дереу дәрігер шақыру қажет.

"Жедел жәрдем келгенге дейін балаға су, тамақ немесе ауырсынуды басатын дәрі беруге болмайды. Бұл шұғыл медициналық көмекті қиындатып, қажетті процедураларға дайындық уақытын ұзартады", – деп түсіндірді Өңірлік коммуникациялар қызметінде жоғары санатты дәрігер, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматолог-ортопеді Бақыт Қожаханов.

Бақыт Қожахановтың айтуынша, ең көп жарақат алатындар 5 пен 15 жас аралығындағылар, балалар осы кезде өте белсенді болғандықтан, көбіне көшеде ойнап жүріп көп жарақат алады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу