Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты 1,3 млрд теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

490

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлім етті.  

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты 1,3 млрд теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды Фото: orda.kz

Алматы қаласының Әуезов аудандық прокуратурасы мемлекет меншігіндегі құны 1,3 миллиард теңге болатын активті қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, 2015 жылы "Қазақ энциклопедиясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыздық үлесі мен оған тиесілі жылжымайтын мүлік заңсыз иеліктен шығарылған. Аталған актив кейін Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның иелігіне өткен.

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура жекешелендіру шартын және одан кейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берген.

Кассациялық сот прокуратураның талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды. Нәтижесінде Әуезов ауданындағы 2 108,3 шаршы метр жер учаскесі бар ғимаратты қоса алғанда, құны 1,3 миллиард теңге болатын актив мемлекет меншігіне қайтарылатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу