Алматыда құны 6 млрд теңгеден асатын жер телімі мемлекетке қайтарылды

597

Аталған аумақ 2014 жылдан бері пайдаланылмаған.  

Алматыда құны 6 млрд теңгеден асатын жер телімі мемлекетке қайтарылды Фото: tengritravel.kz

Әскери прокурорлар мүлікті мемлекет пайдасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда. Бұл туралы inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС-нің меншігіне өткен.

Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.

24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген.

Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу