Алматыда құны 7 млрд теңге болатын инвестициялық жоба өзекті мәселеге айналып отыр

428

Бұл жағдай прокуратураның араласуынан кейін орын алды. 

Алматыда құны 7 млрд теңге болатын инвестициялық жоба өзекті мәселеге айналып отыр Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласының прокуратурасы инвестициялық жобаларды тұрақты негізде сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Damiani" ЖШС логистикалық орталығы Алматы қаласының қоймалық жылжымайтын мүлікті девелопмент нарығындағы бірегей алаң болып есептеледі. Жобаның құны – 7 млрд теңгені құрайды, және ол жерде 70 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

"Инвестор жылумен қамтамасыз ету үшін газ құбырын бұрғылау жұмыстары жоспарланған тротуар бойымен инженерлік желілерді салуды келісе алмаған. Бұл істі шешу үшін инвестор аудан әкімдігіне бірнеше рет жүгінген, бірақ нәтижесі шыққан жоқ", - делінген Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз хабарламасында.

Алайда, прокуратурамен ұйымдастырылған, аудан прокурорының, аудан әкімі орынбасарының, қалалық жоспарлау және урбанистика, сондай-ақ, Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармалары басшыларының кездесуінен кейін ғана өзекті мәселе шешімін тапты.

Айта кетейік, қазіргі таңда инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс ерекше бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу