Алматыда құрбандық шалатын 12 орын белгіленді

146

6 маусым күні таңғы сағат 06:00-де қаланың 56 мешітінде Айт намазы оқылады.

Алматыда құрбандық шалатын 12 орын белгіленді Фото: Ult.kz

Алматыда құрбандық шалатын орындардың тізімі шықты. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда:

  • Алатау ауданы бойынша – Мырзахмет мешіті, Әскер ата мешіті, Алғабас мешіті;
  • Бостандық ауданы бойынша – Бақыткелді мешіті;
  • Медеу ауданы бойынша – Омар ибн әл-Хаттаб мешіті, Аманқұл ата мешіті, Фатима мешіті, Райымбек батыр және Арафат мешіті;
  • Наурызбай батыр ауданы бойынша – Қалқаман-2 мешіті;
  • Түріксіб ауданы бойынша – Қайрат мешіті;
  • Жетісу ауданы бойынша – Әл-Мәдина мешіті.

– Намаздан кейін бірден құрбандық шалу рәсімі басталады. Құрбан айт - бұл жай ғана рәсім емес, бұл - жанашырлық пен сауапты іс. Бұл күндері мұқтаж жандарға қол ұшын созып, бауырмал болып, ізгілікке ұмтылған дұрыс, – деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.

Оның айтуынша, жылдағыдай арнаулы орындарда мал сатылып, құрбандық шалынып, ет таратылады. Барлық орын таза, шариғат нормаларына сай келеді. Діни рәсімді мешіттің қызметкерлері бақылайтын болады.

Діни шаралардан бөлек, дәстүрлі мерекелік бағдарлама да жоспарланған. Құрбан айт мерекесіне орай барлық мешіттерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылады, ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу