Алматыда құрбандық шалу үшін 13 орын белгіленді

1355

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Алматыда құрбандық шалу үшін 13 орын белгіленді

Айта кететіні, 2022 жылы басты мұсылман мерекелерінің бірі 9-11 шілде аралығында өтеді.

"Құрбан айт мерекесі кезінде мұсылмандар қой, сиыр, ешкі немесе түйені құрбандыққа шалады. Мереке форматы өткен жылдың үлгісі бойынша сақталады. Құрбан шалуды Алматыда онлайн және офлайн форматта да жасауға болады", – деп түсіндірді Бас имам.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн-форматта құрбандық шалу үшін арнай www.qurban2022.kz сайтын әзірледі, қашықтықтан қайырымдылық жасағысы келетіндер осы сайттан құрбандық малын таңдап, көрсетілген мәліметтер бойынша қажетті қаражатты аудара алады.

Төлеби Оспан құрбандық шалудың бүкіл процесі бейнежазба режимінде өтетінін, дұға кезінде рәсімге тапсырыс бергендердің есімдері айтылатындығын айтты. 

Сонымен қатар, сайт арқылы барлық мұқтаж тұрғындар еріктілер жеткізетін құрбандық етін алуға өтініш қалдыра алады.

"Құрбандық шалуды офлайн форматта жүзеге асыру үшін Алматы қаласының әкімдігі 13 орынды бекітті, онда құрбандыққа шалынған малды союға және сатуға рұқсат етілген", – деп жалғастырды Алматы қаласының бас имамы.

Құрбан шалудың барлық орындарында, сондай-ақ қала мешіттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 9-11 шілде аралығында әкімдік, полиция, ветеринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, дін қызметкері карантиндік талаптар мен құрбандық шалу тәртібін сақтау қажеттігін еске салды.

Брифингте Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматының эпидемиологиялық жағдай матрицасының "сары аймағында" тұрғанын еске салып, қала тұрғындарын отбасымен тойлаумен шектелуге, коронавирустың таралуын тоқтату үшін жаппай іс-шаралар өткізбеуге шақырды.

Құрбан айт мерекесі кезінде Алматы қаласының аумағында құрбандыққа шалынған малды союға және сатуға рұқсат етілген орындар тізімі:
 
Алатау ауданы:
- "Мырзахмет" мешіті, Қарасу ш/а, Солтүстік айналма тас жолы, 15;
- "Әскер ата" мешіті, Әйгерім-1 ш/а, Бенберин көш., 18/4;
- "Алғабас" мешіті, Алғабас ш/а, Ақбөпе көш., 6;
- Әл-Азим мешіті, Бұрындай ш/а, Азат көш., 20А.
 
Бостандық ауданы:
- "Бақыткелді" мешіті, Хан-Тәңірі ш/а, Дулати даңғылы, 27/11;

Жетісу ауданы:
- "Вайнах" мешіті, Айтықов көшесі, 1А.

Медеу ауданы:
- "Аманқұл ата" мешіті, Т.Бигелдинов к-сі, 5;
- "Фатима" мешіті, Ш.Жәнібек көшесі, 148;
- Райымбек батыр мешіті, Думан-1 ш/а, Хан Тәңір көш., 1.

Наурызбай ауданы:
- "Қалқаман-2" мешіті, Қалқаман-2 ш/а, Аспандияров көшесі, 84;
- "Қарағайлы" мешіті, Қарағайлы ш/а, Қ.Надыров көшесі, 1а;
- Таусамалы базары, Таусамалы ш/а, Қонаев көш., 35Б.

Түрксіб ауданы:
- "Қайрат" мешіті, Қайрат ш/а, Сарымолдаев көш., 22.


Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу